Әуежай құрылысын Қытайдың салуына тыйым салды

Министр: «Әуежай үшін жаңа жоба қажет емес,  қазіргі әуежайды жаңалауға болады» деді.

1066682
Әуежай құрылысын Қытайдың салуына тыйым салды

Сьерра-Леоне әуежай құрылысын Қытайдың салуына тыйым салды.

Сьерра-Леоне авиация министрі Кабина Каллонның айтуынша, елдің бұрынғы президенті Эрнест Бай Корома Қытаймен 318 миллион долларлық әуежай құрылысын салу туралы келісімшартқа қол қойған.

Министр: «Әуежай үшін жаңа жоба қажет емес,  қазіргі әуежайды жаңалауға болады» деді.

Каллон келісімшарттың күшін жою нәтижесінде қаржылық шығын болып-болмайтынын білмейтінін мәлімдеді.

Наурыз айында Сьерра-Леонеде бұрынғы президент Корома қол қойған жаңа әуежай келісіміне Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) сын айтқан болатын.  Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар