Президент Ердоған халықты шетел валютасын тастауға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың қорқытушы ұстанымы себепті енді ешбір елдің саяси және экономикалық сенімінің қалмағанын атап көрсетті.

1049667
Президент Ердоған халықты шетел валютасын тастауға шақырды

Ердоған Әділет және даму партиясының қалалық филиал басшылары жиналысында үн қатты.

Баяндамасында валюта бағамының бірден 7 түрік лирасына өсуінің экономикалық қастандық әрекеті екенін атап айтқан Ердоған «АҚШ әкімшілігі еліміздің егемендік құқығына ашық түрде жасаған құрметсіздікке жауап қайтарылмағандықтан бұл мәселені асқындыруы мәселенің саяси екенін көрсетеді. Түркия сынаған бұл оқиға әлемде ешбір елдің саяси және экономикалық қауіпсіздігінің қалмағанын дәлелдейді» деді.

Жоғары проценттер мен қымбаттаған валюта курсының отарлау құралы екеніне назар аударған Ердоған «Түркияға доллар бағамы арқылы соққы енгізгісі келгендерге жауабын экспорт, өндіріс және жұмыспен қамдау саясатымен қайтару керек» деді.

Ұлттық валюта қолданысына назар аударған Ердоған «Экспорт және импортпен шаруашысы жоқ баршаның шетел валютасымен жұмысы болмауға тиісті. Азаматтарға үн қатамын, ұлттық валютаға сеніңдер» деді.



Ұқсас жаңалықтар