Сауда шайқасында жаңа саты

АҚШ Қытай өнімдеріне бағытталған екінші қосымша салықты бастатты.

1036518
Сауда шайқасында жаңа саты

Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда шайқасында жаңа саты.

АҚШ Қытай өнімдеріне бағытталған екінші қосымша салықты бастатты.

Осылайша Қытайдан келетін 16 миллиард долларлық өнімге қосымша 25 пайыз салық салынады.

Қытай да Америка Құрама Штаттарына қарсы дәл сондай өнімдерге дәл сондай мөлшерде қосымша салық салатын болды.

Қытай Сауда министрлігі тақырыпты Бүкіләлемдік Сауда ұйымына жеткізетінін білдірді.

АҚШ бұдан бұрын да Қытайдан келген 34 миллиард долларлық өнімге қосымша салық салған болатын.


Этикеттер: #АҚШ , #Қытай , #салық , #сауда

Ұқсас жаңалықтар