ЕО мен АҚШ бірлесіп жұмыс істемек

Трамп пен Юнкердің  жаһандық саудадағы дағдарысты доғару үшін өткізген жиналыс сәтті түрде аяқталды.

1019586
ЕО мен АҚШ бірлесіп жұмыс істемек

Трамп пен Юнкердің  жаһандық саудадағы дағдарысты доғару үшін өткізген жиналыс сәтті түрде аяқталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен туралы Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкердің  жаһандық саудадағы дағдарысты доғару үшін өткізген жиналыс сәтті түрде аяқталды.

Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінен кейін ЕО мен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесінде айтылды. «Бүгін біз америкалық және еуропалық компанияларды жаһандық саудадағы жосықсыз сауда тәжірибесінен қорғау үшін күш біріктіруге келістік»--делінген сәрсенбі күні кешке ЕК таратқан хабарламасында. «Сондықтан, біз ДСҰ-ны реформалау және зияткерлік меншікті ұрлау, технологияларды мәжбүрлеп беру, өнеркәсіптік субсидиялар, мемлекеттік кәсіпорындар жасайтын бұрмаланулар және артық өндіру сияқты жосықсыз сауда әдістерін жоюға ұмтылатын серіктестермен тығыз жұмыс істейтін боламыз»--делінген құжатта. Еуроодақ пен АҚШ сауда-саттықты жеңілдету және кеңейту бойынша жұмыс істеуге ниетті. Сондай-ақ, тараптар сауда-саттықты жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді азайту, шығындарды қысқарту үшін талаптар бойынша тығыз диалог бастауға» келісті, сондай-ақ «болат және алюминий үшін тарифтер мәселелерін шешуге» дайын екендіктерін білдірді.


Этикеттер: #АҚШ , #Жан-Клод Юнкер

Ұқсас жаңалықтар