Үлкен жиырмалық елдері саммиті басталды

Үлкен жиырмалық елдері саммиті Аргентинаның бас қаласы Буэнос-Айресте басталды.

1016875
Үлкен жиырмалық елдері саммиті басталды

Әлемнің даму жолындағы ең үлен 20 экономикасының басын қосқан Үлкен жиырмалық елдері саммиті Аргентинаның бас қаласы Буэнос-Айресте басталды.

Қаржы министрлері мен Орталық Банк төрағалары қатысқан жиналыста Түркия атынан Қазына және Қаржы министрі Берат Албайракқа қоса, Орталық Банк төрағасы Мұрат Четинкая өкілдік жасауда.

Жиналыстың АҚШ бастаған сауда соғысының ықпалында өтуі күтіледі.

Тығыз байланыстарын жалғастырған Албайрак АҚШ-тық әріптесі Стивен Минушинмен де оңаша кездесті.

Үлкен жиырмалық елдері әлем экономикасының 85 пайызын, тұрғын сананың болса үштен екі бөлігін құрайды. Халықаралық сауданың да төрттен үш бөлігін жүзеге асырады.

Әлемнің даму жолындағы 20 үлкен экономикасының қаржы министрлері және Орталық банк төрағалары Буэнос-Айресте жаһандық экономиканы бағалауда.

Кездесулер АҚШ-тың қосымша Кеден салығы енгізіп, Еуроодақ, Қытай, Канада және Мексика сияқты мемлекеттермен бастаған сауда соғысының көлеңкесінде жүзеге асуда.

Канадағы саммитке керісінде қиын да болса бұл жиналыстан ортақ бір декларация шығатынын болжалады.

Қазына және Қаржы министрі Албайрактың алғашқы күнгі бағдарламасы тығыз өтті.

Албайрак Индонезия Қаржы министрі Сири Муляни Индравати, Германия Қаржы министрі Олаф Шольз, Франция Экономика және Қаржы министрі Буруно Лө Мер, Қытай Қаржы министрі Лиу Кун, Бразилия Қаржы министрі Эдуардо Гуардия, Оңтүстік Корея стратегия және қаржы министрі Донг Йеон Ким, Еуроодақ комиссиясы экономика мен қаржы жұмыстарына жауапты мүшесі Пийер Московиси және АҚШ Қазына министрі Стивен Минушинмен оңаша кездесті.

Министр Албайрак Үлкен жиырмалық елдерінің естелік фотосуретіне түсті.



Ұқсас жаңалықтар