Генетикасы өзгертілмеген мақта өндіретін жалғыз ел – Түркия

Халықаралық Мақта комитетінің делегациясы Айдын қаласында болды.

1005018
Генетикасы өзгертілмеген мақта өндіретін жалғыз ел – Түркия

Халықаралық Мақта комитеті (ICAC) Техникалық бөлім басшысы Кешав Кранти генетикасы өзгертілмеген мақта өндіретін жалғыз елдің Түркия екенін айтты.

Эгей Экспортшылар одақтарының ұйымдастыруымен 2020 жылы Измир қаласында өтетін Әлем Мақта зерттеу конференциясы аясында Айдын қаласына келген Халықаралық Мақта комитеті делегациясы Назилли Мақта зерттеу институтына барды.

ICAC Атқару комитеті директоры Каи Хугс пен ICAC Техника бөлімі басшысы Кранти директор Корай Шимшектен институт жөнінде мәлімет алды.

Кранти артынан журналистерге берген мәлімдемесінде Түркияның әлемдік мақта өндірісіндегі орнын бағалады. Мақтада тиімділіктің өте маңызды екенін айтқан Кранти: «Түркия тиімділікте әлемде екінші орында.  Генетикасы өзгертілмеген мақта өндіретін жалғыз ел – Түркия. Бұл өте маңызды ерекшелік.  Түркия мақтада әрі тиімділік мағынасында, әрі сапа жағынан әлемде көшбасшы» деді.



Ұқсас жаңалықтар