Шахтеңіз 2-ден Түркияға газ айдала бастады

Шахтеңіз 2 табиғи газ жобасы аясында Түркияға газ айдала бастады.

1004085
Шахтеңіз 2-ден Түркияға газ айдала бастады

Шахтеңіз 2 табиғи газ жобасы аясында Түркияға газ айдала бастады.

BP ортақтығындағы консорсиумның хабарламасында Шахтеңіз 2 жобасының уақытында және жоспарланған бюджетпен аяқталғаны,  Түркияға да газдың жоспарланғандай 30 маусым сенбі күні басталғаны білдірілді.

Каспий теңізіндегі Әзірбайжан табиғи газын Еуропаға тасымалдайтын Оңтүстік Газ дәлізінің бастау жері болатын Шахтеңіз 2 кенінің жылдың өндіріс күші – 16 миллиард текше метр. Шахтеңіз 1 кенін де қосқанда Шахтеңіз қойнауындағы табиғи газ өндірісі жылына 26 миллиард текше метрге жететін болады.

Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік мұнай компаниясы басшысы Ровнаг Абдуллаев жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталып: «Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі ТАНАП арқылы алғашқы газдың айдалуы – Оңтүстік Газ дәлізінің жүзеге асырылуында басты қадам.  Осындай үлкен бір жобаның қиыншылықтарға қарамастан Оңтүстік Газ дәлізінің Әзірбайжан, Грузия және Түркия сатысының уақытында және бюджет шеңберінде координация қылынып,  жүзеге асырылуын тамамдадық. Шахтеңіз 2 платформаларының әрі теңіздің үстіндегі платформалар,  әрі қосымша бөлімдерін қамтыған құрылысының Әзірбайжанда аяқталуы тек Әзірбайжан үшін емес, бүкіл өңір үшін үлкен жетістік» деді.

BP-дің Грузия, Әзірбайжан және Түркияға жауапты өңір басшысы Гэри Джонс 2018 жылы Түркияға газдың айдалуының осы ірі жобаның маңызды мақсаттарының бірі екенін атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар