Компьютерлік түрік ойындарын жетілдірушілер рекорд жасады

2017 жылы компьютерлік түрік ойындарын жетілдіру саласы экспорта 700 миллион долларлық табысқа қол жеткізді.

966497
Компьютерлік түрік ойындарын жетілдірушілер рекорд жасады

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Анадолы агенттігіне (AA) жасаған мәлімдемеде әлемнің түкпір-түкпірінде назар аударған ойындарға қол таңбасын қалдырған түрік ойындарын жетілдіру саласының экспортта қол жеткізген табыстарын жалғастырғанын атап көрсетті.

Ойын жетілдіру саласында ортаға қойған жобаларымен бір жақтан ойын сүйер қауымның қолдауын алған, басқа жақтан сыртқы саудаға үлес қосқанын атап көрсеткен Зейбекчи «Сала 2016 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 25 пайыз артып, 500 миллион долларға ұласты. Бұл саланың экспорт рекорды болып тіркелді. Түрік ойындарын жетілдірушілердің бағдарламаларына деген қызығушылық пен сұраныс қазіргі ойындарға жаңалардың қосылуымен өткен жылы жаңа экспорт рекордын жаңартты. Саланың 2017 жылы осы жолғы табысы 40 пайыз артып, 700 миллион долларға ұласты» деді.

Саланың жыл сайын экспортта жаңа рекорд жаңартқанына назар аударған Зейбекчи «Түрік ойын жетілдіру саласы 2023 жылға бағытталған 2,5 мен 10 миллиард доллар арасындағы экспорт нысанасын қорғайды. Түркиядан шыққан ойындар қол жеткізгендері экспорт табыстарына қоса, өткен жылы көптеген абыройлы халықаралық конкурстан сыйлықтармен оралды. Бірінен соң бірі рекорд жасаған сала биыл 1 миллиард долларлық экспортты нысанаға алып отыр. Біз де Экономика министрлігі ретінде ойын бағдарламасы жазу саласына бағыттап қолдауларымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар