Сауд Арабиясы мен АҚШ 16 миллиард долларлық келісім жасады

Сауд Арабиясы мен АҚШ фирмалары арасында 16 миллиард долларлық 36 хаттамаға қол қойылды.

939174
Сауд Арабиясы мен АҚШ 16 миллиард долларлық келісім жасады

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-да жарияланған хабарға қарағанда екі елдің үлкен фирма басшылары мен кейбір сауд лауазымдылар қатысқан іскер форумы аясында 16 миллиард доллар құнында 36 хаттамаға қол қойылды.

Хабарда Сауд Арабиясы ханзадасы Мұхаммед ибн Селманның өткен апта АҚШ сапарымен бірдей уақытта жүзеге асқан келісімдердің қай салада болғаны және мазмұны жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар