Роснефть Венесуэлада 2 табиғи газ өңдеу алаңын жалға алды

Роснефть Венесуэладағы «Patao» және «Mejillones» табиғи газ алаңдарының пайдалану құқығын 30 жылдығына алды.

870680
Роснефть Венесуэлада 2 табиғи газ өңдеу алаңын жалға алды

Орыс энергия фирмасы Роснефть (Rosneft) Венесуэладағы екі табиғи газ өңдеу алаңының пайдалану құқығын алды.

Роснефть жасаған мәлімдемеде фирманың Венесуэладағы «Patao» және «Mejillones» табиғи газ алаңдарының пайдалану құқығын 30 жылдығына алғаны атап көрсетілді.

Аталмыш алаңдардың жалпы резервінің 180 миллиард текшеметр екені болжалған мәлімдемеде «Роснефть алдағы 15 жыл бойынша аталмыш алаңдардан жылына 6,5 миллиард текшеметр табиғи газды өндіруді жоспарлайды» делінді.

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро мен Роснефть жоғары лауазымдысы Игор Сечин арасында Каракаста қол қойылған келісіммен Роснефттің сұйықталған табиғи газға қоса, аталмыш алаңдарда өндірілген табиғи газды нарыққа шығару құқығына да ие болатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар