Түркия бәсекеден тартынбайды

Шимшек «Шетелдік капитал мен халықаралық компаниялар Түркияға келуде» деді.

864226
Түркия бәсекеден тартынбайды

Шимшек «Шетелдік капитал мен халықаралық компаниялар Түркияға келуде» деді.

Премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек «Түркия бәсекеден тартынбайды. Жабық экономика саясаттарын қаламаймыз» деді.

Шимшек орталығы Брюссельде болған Еуропа саясаттары орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Түрік экономикасының жағдайы және Еуропа Одағымен жақындасуы» атты жиналыста сөз сөйледі.

Кеден Одағының Еуропа Одағының да мүддесіне пайдалы екенін еске салған Шимшек «Неміс достарымыз Кеден Одағының жаңалануы тақырыбында жұмыстарды ақырындатуға тырысуда. Таң қалдым» деді.

Шимшек Кеден Одағының басынан бастап Еуропа Одағының Түркиямен болған саудада  300 миллиард долларлық кіріс түсіргенін еске салып, былай деді: «Түркия бәсекеден тартынбағаны үшін Кеден Одағының жаңалануын қалауда. Жабық экономика саясаттарының атқарылуын қаламаймыз. Біз тіпті ашық, өндірген, белсенді экономика болу үшін Кеден Одағының жаңалануын қалаудамыз. Бұл жаңалау Түркияның Еуропа Одағымен болған сауда көлемін екі есе көбейтеді. Бұл екі жақ үшін де пайдалы. Еуропадағы достарымыз байсалды әрекет етулері керек» деді.

Түркияның босқындармен қатар жиыны 84 миллион адамға үй иелігін жасағанын еске салған Шемшек экономика саласында реформаларға көңіл бөлгенін және бұның тез қарқынды жалғасатынын атап өтті.

Биыл Түркияның 6 пайыз деңгейінде үлкейгеніне назар аударған Шимшек «Шетелдік капитал мен халықаралық компаниялар Түркияға келуде» деді. 



Ұқсас жаңалықтар