Шимшек орыс инвесторларымен бас қосты

Шимшек Ресейдің астанасы Мәскеуде орыс инвесторларымен бас қосты.

858976
Шимшек орыс инвесторларымен бас қосты

Шимшек Ресейдің астанасы Мәскеуде орыс инвесторларымен бас қосты.

Премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек Түркия-Ресей арасында сауда және өзара инвестициялар үшін орайлардың көп екенін айтты.

Шимшек Ресейдің астанасы Мәскеуде орыс инвесторларымен бас қосты. Бұл жерде Ресей хабар агенттігі Спутникке мәлімдеме жасаған Мехмет Шимшек орыс іскерлерімен өткізілген кездесулердің өте сәтті өткенін баяндады.

Жиналыста Түркия-Ресей қарым-қатынастарын және инвестиция орайларын түсіндіру мүмкіншілігі болғанын білдірген Шимшек кейбір фирма өкілдерімен оңаша кездесу өткізгенін айтты.

Шимшек «Түркия мен Ресей арасында жасалатын көптеген жұмыстар бар. Екі ел бір-бірін көптеген түйінде тамамдауда. Біздің энергия кемдігіміз бар, ал Ресейдің энергия және табиғи байлықтары мол. Бізде адам күші көп, жұмыс істеу рухы көтеріңкі және жаңа өнімдерді дамыту деңгейі жоғары» деді.

Шимшек «Ресеймен аймақтық бейбітшілік, тұрақтылық және байлық үшін қазір бірге жұмыс істеудеміз. Таяу болашақта аймақта тыныштық, тұрақтылық және бейбітшілік орнағанда тағы бірге жұмыс істейміз» деді.

Екі елдің сатып алу күші тұрғысынан да жоғарғы деңгейде екенін түсіндірген Шимшек «Екі елдің жақын географиясында Орталық Азия, Орташығыс және Балкан сынды аймақтар бар. Бұл аймақ үлкен нарық. Біз бұның тысында үшінші елдермен бірге жұмыс істей аламыз» деді.

Шимшек Ресейден Түркияға әр жылы 4 миллионнан астам турист келгенін және бұл санның барған сайын көбейгенін білдірді.

 

 


Этикеттер: #Ресей , #Мәскеу , #энергия

Ұқсас жаңалықтар