Ирак-Түркия арасында жаңа құбыр желісі салынады

Киркук мұнайын Джейхан портына тасымалдау үшін жаңа мұнай құбыр желісі құрылысы басталды.

855594
Ирак-Түркия арасында жаңа құбыр желісі салынады

Ирак Киркук мұнайларының Джейхан портына тасымалдануы үшін жаңа мұнай құбыр желісі құрылыс жұмыстарының басталғанын жариялады.

Ирак Мұнай министрлігі мәлімдемешісі Асым Жиһад жасаған жазбаша мәлімдемеде «Мұнай министрі Жеббар Луайби министрліктегі жасақтарға Киркук мұнайларын Джейхан портына тасымалдайтын Бейжиден (Салахаддин қаласына қарасты) Фишхабурға созылған жаңа құбыр желісі құрылысы үшін қажетті тапсырманы берді» деді.

Аталмыш құбыр желісінің террор шабуылдары себепті зиян келген бұрынғы құбыр желісіне альтернативті болатынын атап көрсеткен Жиһад тақырыппен байланысты фирмалардың да жақында министрлікке шақырылатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар