Измир Интернационал жәрмеңкесі ашылады

Жәрмеңкенің биылғы «серік елі» - Ресей.

792433
Измир Интернационал жәрмеңкесі ашылады

Измир Интернационал жәрмеңкесі бүгін қақпасын 86-шы мәрте ашады. Жәрмеңкенің биылғы «серік елі» - Ресей.

Жыл сайын түрлі тақырыппен ашылатын жәрмеңке биыл «Инновация-Энергия» деген тақырыппен ашылды.

Ресей делегациясының құрамында компания өкілдері,  министрлер болады. Делегация басшысы -  Ресей Энергия министрі және Түрік-орыс үкіметтер арасы комиссиясының төрағасы Александр Новак.

Жәрмеңкеде Түркиядан Ресейге қызанақ импорты және экономикалық қатынастардағы басқа да маңызды мәселелер қолға алынады. Айырықша «Энергия саласында серіктестік: Ресей-Түркия ынтымақтастығының негізі» атты дөңгелек үстел жиналысы өткізіледі.

Жәрмеңке 27 тамызға дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар