Түріктің өз отандық автокөлігі болады

Министр Фарук Өзлү отандық автокөліктің 2019 жылы жолда болатынын айтты.

767872
Түріктің өз отандық автокөлігі болады

Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү отандық автокөліктің 2019 жылы жолда болатынын айтты.

Фарук Өзлү бір теле арнада отандық автокөлік және отандық ұшақ жобаларын түсіндірді.

«Мақсатымыз – отандық автокөліктің электр қуатымен жүретін бірінші түрінің 2019 жылы жолда болуы» деді ол.  Министр отандық ұшақтың болса 2023 жылы дайын болатынын айтты.

Министр Өзлү Антарктикада Түрік ғылым базасы құрылуы үшін 9 адамдық топтың жұмыс істеп жатқанын, 2018 жылы базаның құрылатынын тілге тиек етті.

«Антарктикаға 9 адамдық топ кетті.  Осында 53 ел бар.  Олардың 29-ы кеңесші ел мәртебесінде.  Біз отызыншы ел болғымыз келеді» деді ол.

Министр түрік ғарышкер дайындаудың да күн тәртіпте екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар