Катар мұнай өндірісін азайту шешіміне бағынады

OPEC-ке мүше Катар тиісті шешім аясында өндірісін күніне 30 мың баррель азайтып отыр.

750561
Катар мұнай өндірісін азайту шешіміне бағынады

Катар Энергия және Өнеркәсіп министрі Мұхаммед ибн Салих эс-Саде Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) мұнай өндірісін шектеу шешіміне бағынатындарын білдірді.

Саде жазбаша мәлімдемеде Катар мен кейбір араб елдері арасындағы дипломатиялық дағдарыстың Катарды мұнай өндірісін шешіміне бағынудан мақұрым қалдырмайтынын білдірді.

OPEC-ке мүше Катар тиісті шешім аясында өндірісін күніне 30 мың баррель азайтып отыр.

OPEC өткен мамыр айында шикі мұнай өндіріс деңгейін азайту келісімін 2017 шілде айының басынан, 2018 наурыз айы соңына дейін 9 айға созуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар