Ең дәулетті әйелдер тізіміне енді

Түрік іскер әйел АҚШ-та ең дәулетті әйелдер тізіміне енді.

739792
Ең дәулетті әйелдер тізіміне енді

Түрік іскер әйел Эрен Өзмен Америка Құрама Штаттарында ең дәулетті әйелдер тізіміне енді.

АҚШ ғарыш және қорғаныс компаниясының қожайындарының бірі түрік іскер әйел Эрен Өзмен 1,1 миллиард долларлық дәулетімен Форбс журналының «Дәулетін өзі тапқан ең бай 50 іскер әйел тізімінде» 16-шы кезекте орын алды.

Өзмен төменгі кезекте болса да,  бұрынғы жылдары да осы тізімде орын алған болатын.

Эрен Өзмен жұбайы Фатих Өзменмен бірге Sierra Nevada Corporation компаниясының қожайыны. Осы компания NASA және Еуропа ғарыш агенттігімен жұмыс істеу табысынан тыс әлемнің ең жаңалықшыл 10 фирмасы арасында тұр.



Ұқсас жаңалықтар