Вице-премьер Мехмет Шимшек Джиддаға барды

Ислам өркендеу агенттігі Атқару кеңесінің жылдық 42-ші Басшылар жиналысы Джидда қаласында басталды.

734764
Вице-премьер Мехмет Шимшек Джиддаға барды

Ислам өркендеу агенттігі Атқару кеңесінің жылдық 42-ші Басшылар жиналысы Сауд Арабиясының Джидда қаласында жалғасуда.

Түркия атынан өкілдік жасаған Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек қатысқан жиналысқа 57 мүше мемлекеттің лауазымдылары және дипломатиялық өкілдері қатысады.

Мехмет Шимшек жиналыста жасаған баяндамасында әлем мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы аймағында бірқалыпты жаһандық сауда, қорғаушы бастамалар, төмен өндіріс және дағдарыстар сияқты маңызды мәселелері бар екенін атап көрсетті.

Шимшек Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ/PDY) 15-ші шілде күнгі төңкеріс әрекеті және геосаяси себептерге орай 2016 жылының Түркия үшін қиын өткенін атап, түрік халқы мен экономикасының шыдамдығын тағы бір рет дәлелдегенін тілге тиек етті.

Шимшек Ислам Өркендеу банкі тобының Түркия мен мықты бір ортақтығы бар екенін атап, бұл ынтымақтастықты жалғастыру үшін көп жұмыстанатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар