Катар мен Түркия арасындағы сауда айналымы артады

«Expo Turkey by Qatar» организациясы аясында Түркия – Катар сектор басшылары саммиті Катардың бас қаласы Дохада болды.

717173
Катар мен Түркия арасындағы сауда айналымы артады

Катар Сауда палатасы төрағасының орынбасары Мұхаммед Бин Ахмет Бин Товар Катардың Түркиядағы 20 миллиард долларлық инвестициясының арта түскенін айтты.

«Expo Turkey by Qatar» организациясы аясында Түркия – Катар сектор басшылары саммиті Катардың бас қаласы Дохада болды.

Товар саммиттің беташарында аталмыш шаралардың екі ел арасындағы қатынастарды нығайтатынын атап көрсетті.

Товар Түркия мен Катар арасындағы 800 миллион долларлық сауда айналымының келесі жылдарда артатынын тілге тиек етті.

Товар түрік фирмаларының Катарда маңызды жобаларды жүргізіп,  елдің дамуына үлес қосқандарын атап көрсетіп: «Қазірге дейін 18 миллиард доллар. Бұл да арта түседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар