Түркия 2016 жылы АҚШ-қа 106 тонна баклава экспорт етті

Түркияның көлемдік жағынан ең көп баклава экспорт етілген елі АҚШ болды.

716417
Түркия 2016 жылы АҚШ-қа 106 тонна баклава экспорт етті

Түркияның көлемдік жағынан ең көп баклава экспорт етілген елі АҚШ болды.

Түркияның 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда баклава экспортын ең көп арттырған елдер Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы болды.

Өткен жылы экспорт етілген 575 тонналық баклаваның 233 тоннасы осы үш елге жіберілсе, 5,7 миллион тонналық кірістің  2,7 миллион доллары да аталмыш елден түсірілді.

Түркия статистика мекемесінің көрсеткіштері бойынша 27,4 пайыздық артумен 575  тонна, түсірілген кіріс болса  11,6 пайыздық артумен  5 миллион 730 мың долларға көтерілді.

Түркияның көлемдік жағынан ең көп баклава экспорт етілген елі әрі  2015 жылы, әрі өткен жылы да АҚШ болды.

Осы елге экспорт етілген баклава көлемі алдыңғы жылы  65 тонна болса, өткен жылы 64 тонна артып,  106 тоннадан асты.



Ұқсас жаңалықтар