Түркия бұрғылау жұмыстарын бастайды

Жерорта теңізінде бұрғылау жұмысы үшін Ресейден кеме сатып алады.

711957
Түркия бұрғылау жұмыстарын бастайды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Түркияның Жерорта теңізінде бұрғылау жұмыстарын бастайтынын айтты.

Албайрак Түркияның бірінші рет бұрғылау кемесін сатып алатынын білдірді.

«Стар» газетіне мәлімдеме жасаған министр сатып алынатын кеме арқасында осы саладағы қадамдардың жылдамдай түсетінін айтты.

«Екінші кемеміз «Оруч Реис» Жерорта теңізіне жылжиды.  «Барбарос Хайреттин» кемесі болса Қаратеңізде болады. Түркия тарихында бірінші рет биыл Ресейден бұрғылау кемесін сатып аламыз» деді ол.

Министрдің айтуынша жылына бір немесе екі құдық қазылады.



Ұқсас жаңалықтар