Евро тобы қаржы министрлері жиналысы Брюссельде болып өтті

Евро тобы қаржы министрлері «Грекияны құтқару бағдарламасы» туралы келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылдады.

676783
Евро тобы қаржы министрлері жиналысы Брюссельде болып өтті

Бельгияның бас қаласы Брюссельде ұйымдастырылған және евро қолданған 19 Еуроодақ мүшесі мемлекеттің қаржы министрлерінің басын қосқан Евро тобы жиналысында Грекияның 3-ші құтқару бағдарламасы қолға алынды.

Евро тобы қаржы министрлері «Грекия құтқару бағдарламасы» жайлы келіссөздерді жалғасуы тақырыбында келісті.

Евро тобы төрағасы және Голландия қаржы министрі Йерун Дейсселблун жиналыстың артынан жасаған баспасөз жиналысында «Несие берушілердің өкілдері ортақ бір тұғырда шешім табу үшін қысқа уақытта Афинаға барады. Грек лауазымдылармен зейнетақы, салық және жұмыспен қамдау сияқты тақырыптарда құрылымдық реформалар жайлы жұмыстанады» деді.

Дейсселблун келіссөздерде үнемдеу саясаттары орнына реформаларға назар аударды.

Грекия құтқару бағдарламасының 2-ші бағалау сатысы жалғасқаны себепті екінші несие беру процесі жалғастырыла алмай отыр.

Грекияның шілде айында несие берушілерге 7 миллиард евро кері қайтаруы керек.

Грекияның жалпы қарыз жүгінің биыл 300 миллиард евродан асуы және қарыздардың ұлттық табыстың 180 пайызына ұласуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар