Соғыс болса да ойыншықтан бас тартпады

Түркияның соғыс пен қантөгіс болып жатқан көршілерінің балалары ойыншықтан бас тартпады.

673971
Соғыс болса да ойыншықтан бас тартпады

Түркияның соғыс пен қантөгіс болып жатқан көршілерінің балалары ойыншықтан бас тартпады.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда,  Түркияның Сирия, Ирак және Мысырға ойыншық экспорты аталмыш елдердегі соғыс және қақтығыстарға қарамастан соңғы 5 жылда 11 миллион доллардан асты.

Иракқа бағытталған ойыншық экспорты 2012-2016 кезеңінде барлығы 9 миллион 236 мың доллардан асса, Мысырға 1 миллион 414 мың доллар, Сирияға болса 623 мың долларлық ойыншық экспорты жүзеге асты.

Ирактағы балалар көбіне скутер, жүретін машина, осыған ұқсас дөңгелегі бар ойыншықтарды таңдады.  Мысыр мен Сирияда көбіне комплект ойыншықтар сатылды.

2012-2016 жылдар арасындағы Түркияның ойыншық экспорты жалпы 140 миллион 751 мың долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар