Халал көрме келісімі
Ислам Ынтымақтастық Ұйымымен келісімге қол қойылды.
Стамбул Халал Экспо көрмесі Ислам Ынтымақтастық ұйымы қолдау берген жалғыз халал көрмесі ретінде қабылданды.
Discover Events Халықаралық көрменің хабарламасына қарағанда, компанияның Ислам Ынтымақтастық Ұйымымен қол қойған келісіміне орай Стамбулда өтетін Халал Экспо көрмесі ұйымның жалғыз халал көрмесі болды.
Желтоқсан айында президенттік аппараттың қолдауымен Түрік Стандарттар институты, Ислам елдері стандарттар, Метеорология институты және Discover Events ынтымақтастығында болып өткен саммитте 90 баяндамашы халал өнімдер және қаржы нарығын талқылаған болатын.
Көрмеден кейін Әлемдік Халал саммиті кеңесінің төрағасы Юнус Эфе Мароккоға барып, аталмыш келісімге қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
Мехмет Шимшек Лондонға барды
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек инвесторлар және несие рейтинг агенттіктерімен кездеседі.