Түркия мен Еуроодақ арасындағы Кеден одағы келісімі жаңарады

Түркия мен Еуроодақ арасында Кеден одағы келісімінің жаңартылуында соңғы сатыға келінді.

639452
Түркия мен Еуроодақ арасындағы Кеден одағы келісімі жаңарады

Соңғы сатыға қатысты мәліметтер кеше Экономика министрі Нихат Зейбекчи тарапынан Министрлер кеңесіне ұсынылды.

Эфиопияға ресми сапарға бара жатқан кезде ұшақта журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарған Зейбекчи Министрлер Кеңесіне 4 альтернативалы ұсыныс жасағандарын атап айтты.

Зейбекчи «Байқауымша Кеден Одағының ауылшаруашылығы, қызметтер және мекемелік сатып алуларына қоса, толық мағынада жаңартылуын қамтитын екінші альтернативалы ұсыныс әрі Еуроодақ, әрі Түркия үшін табысты таңдау сияқты. Әрине басқа ұсыныстар да күн тәртібінен тыс емес» деді.

2017 жылдың соңында аяқталуы жоспарланған жаңарту кезеңі экономикаға қарқын береді.

Нихат Зейбекчи «2030 жылға дейінгі ықпалдылық сараптамасына қарағанда аталмыш келісім Түркияның 2030 жылға жеткендегі брутто теңгеріміне 2 пайыз үлес қоспақ. Жалпы экспорттың арту жылдамдығына 24,5 пайыз деңгейінде, импорт деңгейіне болса 23 пайыздан астам үлес қосатынын болжаймыз» деді.

Түркия-Еуроодақ ортақтығы кеңесінің 1995 жылы 6 наурыз күнгі жиналысында Түркия Еуроодақ кеден одағына қосылу келісіміне қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар