Қиыр Шығыс нарығына да ашылды

Түрік теле сериалдары Қиыр Шығыс елдеріне таныстырылады.

624033
Қиыр Шығыс нарығына да ашылды

Түрік теле сериалдары Таяу Шығыс және теле сериалдарымен атақты Латын Америка елдерінен кейін Қиыр Шығыс нарығына да ашылды.

Түрік теле сериалдары Мәдениет және туризм министрлігі, Стамбул Сауда палатасының ынтымақтастығымен Сингапурда өтетін Asya TV Forum-да таныстырылады.

Биыл 17-шісі болатын форум 6-9 желтоқсан күндері аралығында өтеді.

Түрік сериалдары үшін жаңа аялдама болатын форумда бірінші рет Түркия павильоны ашылады. Осы жерде түрік теле сериал продюссерлері туындыларын таныстырып,  сату үшін мүмкіндік табады.

Түркияның теле сериал секторы АҚШ-тан кейін әлемде ең көп сериал сатқан екінші сектор.

2001 жылы түрік республикаларымен басталып,  Бақлан, Таяу Шығыс және Латын Америка сынды аймақтарға ашылған Түркияның теле сериал экспорты 2014 жылдың деректеріне қарағанда 200 миллион долларды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 250 миллион долларға жетті.

Бүгінге дейін шетелге сатылған түріктің шамамен 150 сериалы Таяу Шығыс,  Солтүстік Африка,  Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа, Азия, Америка, Латын Америкадағы 100-ден астам елде 500 миллион көрерменнің жүрегіне жол тартты.



Ұқсас жаңалықтар