Ірі мұнай резерві табылды

Дүние жүзіндегі ең ірі төртінші мұнай қойнауы Америка Құрама Штаттарында табылды.

612806
Ірі мұнай резерві табылды

Дүние жүзіндегі ең ірі төртінші мұнай қойнауы Америка Құрама Штаттарында табылды.

АҚШ Ішкі істер министрлігі жанындағы Геология зерттеу басқармасының хабарламасында,  Техас штатының батысындағы Permain қойнауындағы Wolfcamp атты алаңда шамамен 20 миллиард баррель шикі мұнай бар екені айтылды.

Осылайша Сауд Арабиясында 75 миллиард баррель резерві бар Ghawar, Кувейтте 65-70 миллиард баррель резерві бар Бурган, Сауд Арабиясында 50 миллиард баррель резерві бар Сафания алаңынан кейін Wolfcamp алаңындағы резерв әлемнің төртінші кезектегі мұнай алаңы боды.

Осы алаңда айырықша 450 миллиард текше метр табиғи газ бар екені болжалып отыр.



Ұқсас жаңалықтар