Түркия өндірген суда жүзетін энергия станциялары жолға шықты

Президент Ердоған кемелердің Индонезия, Гана және Мьянмаға жіберілгенін білдірді.

609931
Түркия өндірген суда жүзетін энергия станциялары жолға шықты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ең үлкен мәселесінің өзін түсіндіре алмау екенін атап көрсетті.

«Мұның негізгі себебі - Түркияға тән теңдесі жоқ ерекшеліктер» деген Ердоған «Әлемде басқа қай мемлекеттің осыншама мәселеге қарамастан үлкен бір экономикалық күш ретінде болмысын жалғастыра алады? Мен көрмедім» деді.

Президент Ердоған Стамбұлда Тузла-Седеф кеме өңдеу зауытындағы суда жүзетін энергия станциясын шығарып салу рәсіміне қатысты.

Президент осында атқан сөзінде «Террор ұйымдары жасаған қылмыстық әрекеттер тек қана сол жерде дәл кезінде әсер етеді. Одан кейін қайғымызды, ашуымызды арттырады. Бірақ жұмыстарымызды ешқандай әлсіретпейді. Түркия өзіне сенген, инвестиция салған ешкімді өкіндірген емес. Халықаралық инвесторлардың көпшілігі бұл шындықты байқады және сол үшін инвестицияларын арттыра отырып жалғастырды. Іскерлерге айтарым, инвестицияларыңызды кейінге қалдырмаңдар, кешіккен кезде өкінетін боласыңдар» деді.

Кеме өңдеу зауытында құрылыс жұмыстары аяқталған 4 суда жүзетін энергия станциясының екеуі Индонезияда, біреуі Гана, біреуі болса Мьянмада электр өндіріп, бұл елдердің энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етуге үлес қосатынын атап айтқан Ердоған Босфор бұғазының астынан өтетін Еуразия туннелінің желтоқсанның 20 жұлдызы ресми түрде ашылатынын білдірді.

Екі қабатты туннелде автокөліктердің енді Азиядан Еуропаға, Еуропадан да Азияға өтетінін атап көрсеткен Ердоған жаңа әуежайдың әлемнің ең үлкен әуе жайы болатынын және 2018 жылдың алғашқы ширегінде іске қосылатынын атап көрсетті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса Тузла-Седеф кеме өңдеу зауытындағы кемелерді сапарларына шығарып салу рәсімінде сөйлеген сөзінде террормен күрестегі тұрақтылықтың жалғасатынын қайталады.

«Нанымызды бөлісерміз, дегенмен отанымызды бөлшектетпейміз» деген Йылдырым террормен күрестің бар жылдамдығымен жалғасатынын атап көрсетті.

2016 жылы теңіз арқылы тасымалдауда көлік санының маңызды мөлшерде артып, 330 мың екенін атап көрсеткен премьер-министр «Бүгін Түркия 185 мың кемеші дайындаған. Жетілген кемешілер саны тұрғысынан әлемнің алдынғы қатарлы мемлекеттерін артта қалдырдық. Қытайдың артынан екінші орындамыз» деді.

Бағдарламаның артынан түрік өнімі Жүзетін Энергия кемелері Гана, Мьянма және Индонезияға жолға шықты.

Өндіріс жұмыстары түрік инженер және жұмысшылары тарапынан жасалған 4 энергия кемесі қабілеттері тұрғысынан баршаның назарын аударуда. 480 мегаваттық күшке ие 300 метр ұзындығындағы кемелер әлемнің ең үлкен жүзетін энергия станциясы болып қабылданады.

Келесі жылы аяқталатын 14 жаңа кеменің де құрылыс жұмыстары басталды.



Ұқсас жаңалықтар