Түркияның электр импорты 30 пайызға азайды

Түркияда отандық және жаңартыла алатын электр куаты импортқа ықпал етті.

605383
Түркияның электр импорты 30 пайызға азайды

Түркияның электр импорты қаңтар-қазан айлары арасында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға азайды.

Өткен жылдың бірдей кезеңінде Грекия, Болгария, Грузия, Ирак және Ираннан барлығы 4 миллиард 654 миллион 21 киловатт сағаттық электр сатып алынды.

Биылдың бірдей кезеңінде Грекия, Грузия, Болгария және Әзірбайжаннан сатып алынған 3 миллиард 244 миллион 448 мың киловатт сағаттық электр саудасы да азайды.

Өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары арасындағы кезеңде электр импорты үшін 290 миллион 417 мың доллар төленсе, биылдың бірдей кезеңінде бұл көрсеткіш 46 пайыз азайып, 155 миллион 801 мың долларға азайды. Осылайша 134 миллион 616 мың доллар ел қазынасына қалды.

Соңғы кезеңде электр өндірісінде отандық және жаңартыла алатын энергия резервтеріне назар аударылуы электр импортындағы кішіреюге ықпал етті.



Ұқсас жаңалықтар