Сауд Арабиясы экономикасы кішіреюде

Сауд Арабиясы 266,6 миллиард доллар құнындағы көптеген жобаны тоқтатты.

606111
Сауд Арабиясы экономикасы кішіреюде

Арзандаған мұнай бағалары себепті ұлттық кірісі азайған Сауд Арабиясы 266,6 миллиард доллар құнындағы көптеген жоба келісімін тоқтатуға шешім қабылдады.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда Экономикалық жұмыстар және өркендеу кеңесі төрағасы ханзада Мұхаммед ибн Селман басшылығында экономика мен өркендеу саласының кейбір тақырыптары қолға алынған бір жиналыс жүзеге асты.

Жиналыста 266 миллиард 600 миллион доллар құнында көптеген жобаның келісімін тоқтатуға шешім қабылданды.

Тоқтатылған жобалардың мазмұны жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді.

Эр-Рияд әкімшілігі 26 қыркүйек күні іске қосылған соңғы үнемдеу пакетімен министрлер, мемлекеттік қызметкерлер және Шура Мәжілісі мүшелерінің еңбек ақылары мен басқа да шығындарын қысқартқан болатын.

Үкімет 2015 жылы 29 желтоқсан күні араларында жанармай, су және электр қуаты бар көптеген негізгі тұтыну материалдарының бағасын қымбаттатқан болатын.

2030 жобасы аясында мұнайға сүйенген экономиканы қайтадан қалпына келтіру және кіріс салаларын түрлендіруді мақсат еткен Сауд Арабиясы өткен жылы 98 миллиард долларлық бюджет кемшілігін 2016 жылы 87 миллиард долларға азайтатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар