Еркін сауда келісіміне қол қойылды

Еуропа Одағы мен Канада арасында Ауқымды экономикалық және сауда келісіміне (CETA) қол қойылды.

600070
Еркін сауда келісіміне қол қойылды

Еуропа Одағы мен Канада арасында Ауқымды экономикалық және сауда келісіміне (CETA) қол қойылды.

Брюссельдегі қол қою рәсіміне ЕО Кеңесі төрағасы Дональд Туск, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен ЕО комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер қатысты.

Шамамен 7 жылдан бері талқыланып келе жатқан еркін сауда келісімі Валлония аймағынан рұқсат алынбағандықтан Бельгия Федералдық үкіметінің қол қоя алмауына жол ашып келген еді.

Сондықтан еркін сауда келісімінің қол қою рәсімі бейсенбі күні кешіктірілген болатын. Алайда жұма күні валлондық депутаттар кейбір шарттармен келісімге рұқсат беретіндерін білдірді.

Ауқымды экономикалық және сауда келісімі күшіне енген кезде ЕО мен Канада арасындағы кеден салықтарының 98 пайызы жойылады.



Ұқсас жаңалықтар