Иран Түркияға сатқан табиғи газ мөлшерін арттырғысы келеді

Иран Ұлттық Табиғи газ фирмасы Түркияға сатылған табиғи газ мөлшерін арттырғылары келгенін мәлімдеді.

588834
Иран Түркияға сатқан табиғи газ мөлшерін арттырғысы келеді

Иран Ұлттық Табиғи газ фирмасы (NIGC) мәлімдемешісі Маджид Бауярзадех 23-ші Бүкіләлемдік энергия конгресінде жасаған мәлімдемесінде елінің халықаралық санкциялардың жойылуы алдында Түркиямен жақсы қарым-қатынастарға ие екендерін, инвестициялардың жойылуымен екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруді үміт еткенін білдірді.

Қазір Түркияға күніне 30 миллион текшеметр табиғи газ сатылғанын атап айтқан Бауярзадех жақын арада Түркияға жіберілген табиғи газ көлемін арттыруды нысанаға алғандарын атап көрсетті.

Арттыру көлемінің Түркияның сұранысымен түрленетінін білдірген Бауярзадех «Түркия Иран табиғи газын Еуропаға тасымалдай алады. Сондай-ақ Ресейден сатып алған табиғи газды Грекия арқылы Еуропаға сата алады. Бұл табыс үшін таптырмас бір мүмкіншілік» деді.



Ұқсас жаңалықтар