Анкара мен Киев арасында тікелей рейс басталады

Анкара мен Киев арасында тікелей рейс басталуы тақырыбында келісім жасалды.

588201
Анкара мен Киев арасында тікелей рейс басталады

Инвестиция климатының жақсаруы,  туризм әлеуетінің көтерілуі және бизнес көлемінің кеңейтілуі мақсатымен 30 қазан күнінен бастап Анкара мен Киев арасында тікелей рейс басталады.

Анкара даму агенттігінің хабарына қарағанда агенттік пен TAV әуежайлары басқармасының ынтымақтастығымен Украина халықаралық әуежолы басшыларымен кездесу өткізілді. Анкара мен Киев арасында тікелей рейс басталуы тақырыбында келісім жасалды.

Рейс 30 қазан күні басталады. Екі қала арасында аптаның барлық күні заманауи Boeing 737, 747 және 777 типті ұшақтары ұшатын болады.



Ұқсас жаңалықтар