Түркия мен Сауд Арабиясы энергия фирмалары келісті

"Сауд 2030 жобасы" аясында Түркия мен Сауд Арабиясы энергия фирмалары бірге жұмыстанады.

587939
Түркия мен Сауд Арабиясы энергия фирмалары келісті

Әлемнің ең үлкен мұнай және энергия фирмасы Сауд Арабиясының «Арамко» (Aramco) фирмасы жариялайтын тендерлерге 18 түрік фирмасының қатысуын қамтамасыз еткен хаттамаға Стамбұлда қол қойылды.

Мұнай бағаларындағы арзандау ең көп ықпал еткен елдердің бірі ретінде Сауд Арабиясы мұнайға бағыныштылықты азайту стратегиясы аясында «Aramco» фирмасының бір бөлімін жекеменшікке ұсынуды жоспарлайды.

Энергия және Табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Сауд Арабиясының «Aramco» фирмасы мен 18 түрік фирмасы арасында қол қойылған хаттаманың екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейтетінін атап, «Бұл хаттама алдағы мерзімде ынтымақтастығымызға бағыт береді» деді.

Сауд Арабиясы Энергия министрі Әл-Фалих болса бұл хаттамалардың келешекте көптеген капитал жобасына заңды бір тиянақ болатынын атап, «Сауд 2030 жобасы аясында түрік фирмаларымен бірге жұмыстанғымыз келеді. Сауд Арабиясы бәлкім жүздеген миллиард долларлық инвестициялар салады. Бүгін қойылған қолдар болашақ жобалардың алғашқы дайындығы десе болады. Түркия мен Сауд Арабиясы бәлкім үшінші мемлекеттерде өте үлкен жобаларға қол таңба қалдырады» деді.

Сауд Арабиясы ‘Aramco’ директоры Амин Нассер де Түркияда инвестиция мүмкіншіліктері тақырыбында алдын ала келіссөздер жүргізгендерін, мұнайды тазалау және тарату саласына қатысты инвестициялық жобаларға көңіл бөлгендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар