Түркия мен Ресей ортақ инвестиция қорын құрады

Түркия мен Ресей ортақ инвестиция қоры хаттамасына екі ел экономика министрлері қол қойды.

586156
Түркия мен Ресей ортақ инвестиция қорын құрады

Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының қалыпқа түсуіне бағытталған маңызды бір келісім жасалды.

Ортақ инвестиция қоры құрылуы жөніндегі ортақ хаттамаға  екі ел экономика министрлері Стамбулда қол қойды.

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Ресей экономика министрі Алексей Улюкаевпен Стамбулда бас қосты. Бұл соңғы үш айдағы төртінші  реткі бас қосу болып табылады.

Зейбекчи Түркия мен Ресей арасындағы барлық сауда тақырыптар қолға алынған Аралас экономикалық комиссиясының да қайтадан жұмыс істей бастағанын айтты.

Түркия мен Ресей арасында ортақ инвестиция қорының құрылуы жөніндегі шешімге тоқталған Зейбекчи «Ресей инвестиция қорымен бірге Түркия қоры, Түркия және Еуропа инвестиция қоры бас қосады. Алғашқы сатыда 500 миллион доллардан 1 миллиард долларлық бір қаржы қойылады.  Одан кейін қажеттілікке қарай бұл қаржыға ақша қосылып отырады» деді.

Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев болса «Сауда қарым-қатынастардың қайтадан қалағанымыз бойынша жоғарғы деңгейге жетуі үшін маңызды бір келісім жасадық. Әсіресе ортақ инвестиция қорының бизнес әлеміне үлкен орай жарататынын ойлаймын» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар