Мұнай өндірісіне шектеме

OPEC күнделікті мұнай өндірісін азайтуға шешім қабылдады.

579213
Мұнай өндірісіне шектеме

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) күнделікті мұнай өндірісін азайтуға шешім қабылдады.

OPEC мұнай өндірісінің күнделікті 32,5 миллион баррель деңгейінде тұрақты болуы жөнінде келісті.

Бұдан бұрынғы мөлшер 33,24 миллион баррель болатын.

Иран, Нигерия және Ливия өз елдеріндегі шарттарға байланысты осы шешім ауқымына алынбады.

OPEC кезекті төрағасы Мұхаммед бин Салих Әс Саде шешімнің мерзімінің қараша айындағы жиналыста анықталатынын айтты.

Ирактың бас қаласы Бағдатта 1960 жылы құрылған OPEC-тің 14 мүшесі бар.



Ұқсас жаңалықтар