Иранның Түркияға инвестиция шақыруы

«Түркиядан Иранға инвестиция салғысы келгендерге қолдау береміз».

542642
Иранның Түркияға инвестиция шақыруы

Иран энергия министрінің орынбасары Хушенг Фелахетиян эмбарголардың жойылуының артынан Иранда инвестиция жағдайының одан жетілгенін атап, «Түркиямен әр салада инвестиция күшін арттыратын қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды жылдамдаттық. Жаңартыла алатын энергия көзі ретінде жел, Күн және био газ салаларында түрік инвесторлармен жұмыстануға дайынбыз және оларды елімізге шақырамыз» деді.

Фелахетиян 5+1 елдерімен жасалған ядролық келісіммен Иран эмбаргосының артынан Түркиямен ынтымақтастық жетілдіру және жаңартыла алатын энергия жайлы инвестиция жұмыстарын Анадолы агенттігіне бағалады.

Иранның эмбаргоның артынан көптеген елден инвесторға есігін ашқанын тілге тиек еткен Фелахетиян Иранда шетелдік инвесторлар үшін сенімді орта құру үшін банк саласында заңдық реттеулер жасалғанына назар аударды.

Фелахетиян Халықбанк пен Иран банктерінің ортақ жұмыстары жайлы бастамалардың жалғасқанын атап көрсетті.

Иран энергия министрінің орынбасары «Түркиядан Иранға инвестиция салғысы келгендердің акциялық ортақтығына қарамастан ирандық кез келген бір энергия фирмасымен жұмыстануына қолдау береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар