Орталық банк нарықтардағы ықпалдың уақытша екенін мәлімдеді

Орталық Банк төрағасы Иурат Четинкая мәлімдеме жасады.

537915
Орталық банк нарықтардағы ықпалдың уақытша екенін мәлімдеді

Орталық Банк төрағасы Мурат Четинкая Фетуллахшы террор ұйымы параллелді құрылым (FETÖ/PDY)-нің 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының нарықтарға ықпалының уақытша болатынын атап көрсетті.

Мурат Четинкая инфляция болжамдарына бағытталған баспасөз жиналысында төңкеріс бастамасының ықпалының қабылданған шаралардың арқасында уақытша және шектеулі болатынына назар аударды.

Қаржылық тұрақтылықты қолдайтын саясаттардың табандылықпен жалғасатынын атап айтқан Четинкая түрік экономикасының жаһандық шоктарға қарсы қажетті қосымша шаралардың қабылданатынын атап көрсетті.

Орталық Банк төрағасы 2016, 2017 және 2018 инфляция болжамдарын да жариялады.

Алдынғы рапортқа қарағанда өзгеріс жасалмағанын атап айтқан Мурат Четинкая инфляцияда тұрақты ұстаныммен 2016 жылы 7,5 пайызға, 2017 жылы 6 пайызға шегерілгендіктен кейін 2018 жылы 5 пайыз деңгейінде тұрақтылыққа қол жеткізілетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар