"ТҮСИАД" халықаралық газеттерде 3 тілде жарнама жариялады

«Түркияда Демократиялық атазаң тәртібін қорғау» тақырыпты жарнама АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританиядағы газеттерде жарияланды.

537058
"ТҮСИАД" халықаралық газеттерде 3 тілде жарнама жариялады

Түрік өнеркәсіпшілер және іскерлер қоғамы (TUSİAD), Фетуллахшы террор ұйымының параллелді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан халықаралық қоғамға дұрыс ақпарат бөлісу үшін қадам басты.

TUSİAD, шетелдегі Түркия түсінігін күшейту мақсатты АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританияның алдынғы қатарлы газеттерінде «Түркияда Демократиялық атазаң тәртібін қорғау» тақырыпты бір жарнама жариялады.

‘Financial Times’, ‘Le Monde’, ‘Washington Post’ және ‘Frankfurter Allgemeine Zeitung’ газеттерінде жарық көрген жарнамалармен төңкеріс бастамасына қарсы түрік халқының, саяси партиялардың және жалпы мекемелердің демократияға бағыныштылығы, ие шығу еркінің маңызы және Түркия экономикасының күшіне назар аударылды.

Жарнама мәтінінде Түркияның жаһандық деңгейдегі тұғыры және Еуроодақ мүшелік кезеңінің маңызына назар аударылып, Түркия экономикасының жаһандық дағдарысқа қарамастан ортаға қойған шыдамдылығы атап көрсетілді.

Жарнамада «Түркия демократияға деген бағыныштылығын ел көлемінде ашық түрде дәлелдеді. Біздер, Түркияның шыдамдылығы мен құқықтың үстемдігіне деген бағыныштылықтың жалғасатынына сенімдіміз. TUSİAD бұл жаһандық ережелер және нысаналардың шынайы қолдаушысы және қолдауын жалғастырады» делінді.

Газеттердегі жарнамалар ағылшын тілі, неміс тілі және француз тілінде жарық көрді.



Ұқсас жаңалықтар