Экономикаға жауапты вице-премьер мәлімдеме жасады

Вице-премьер Шимшек нарықтардың ең мықты түрде жұмыс істейтінін атап көрсетті.

534283
Экономикаға жауапты вице-премьер мәлімдеме жасады

Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек төтенше жағдай шешімі нысанасының тек қана параллелді құрылымға мүше опасыздарды мемлекеттік мекемелерден толығымен тазалау және ұзақ мерзімді рисктерді азайту екенін мәлімдеді.

Төтенше жағдай шешімінің президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан жариялануының артынан әлеуметтік медиадан мәлімдемелер жасаған Шимшек «Параллелді сатқын топ мүшелерінен басқа ешбір азаматымызға қолдан келгенше шек қойылмайды. Экономикалық еркіндіктер, нарықтардың жұмыстары және жалпы инвестицияларды жалғастыруда бар жеңілдік жасалады» деді.

Нарықтардың ең мықты түрде жұмыс істейтінін атап көрсеткен Шимшек «Нарық ережелерінен шықпаймыз, нарық бүкіл мекемелерімен ең мықты түрде жалғасады. Спекуляцияларға ешкім сенбесін. Нарық бұрынғыдай әлемнің ең жақсы көрсеткіштерін негізге алып, жұмыстарын жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар