Көлік деректері жарияланды

Түркияда жол қатынасына тіркеулі көлік саны мамыр айында 0,5 пайыз артты.

527917
Көлік деректері жарияланды

Түркияда жол қатынасына тіркеулі көлік саны мамыр айында бұдан бұрынғы айға қарағанда 0,5 пайыз артып,  20 миллион 456 мың 556-ға жетті.

Түркия Статистика мекемесі мамыр айының моторлы көліктер деректерін жариялады.

Осыған орай мамыр айының аяғында тіркеудегі барлық 20 миллион 456 мың 556 көліктің 53,2 пайызын автомобиль, 16,3 пайызын фургон, 14,5 пайызын мотоцикл, 8,5 пайызын трактор, 4 пайызын жүк көлігі, 2,2 пайызын мини автобус, 1,1 пайызын автобус, 0,2 пайызын арнайы мақсатты көліктер қалыптастырды.



Ұқсас жаңалықтар