«Үлкен 20 тобы» Сауда министрлері жиналысы аяқталды

«Үлкен 20 тобы» мүше елдерінің Сауда министрлері жиналысы ортақ декларацияның жариялануымен аяқталды.

526994
«Үлкен 20 тобы» Сауда министрлері жиналысы аяқталды

Декларацияда жаһандық экономикалардағы рисктерге назар аударылып, сауда ортақтықтарын күшейтуге шешім қабылданды және жаһандық экономикада өсу, тұрақтылық және тыныштықты қамтамасыз ету үшін одан көп ортақ шара қолданылатыны атап көрсетілді.

Қытайдың Шанхай қаласында өткен жиналыста «Үлкен 20 тобы Сауда және инвестиция жұмыс тобының қызметі», «Жаһандық сауда стратегиясы» және «Жаһандық инвестиция жол картасы ережелері» тақырыпты 3 құжат бекітілді.

Көп тұсты сауда желісін күшейтетін және даму жолындағы елдердегі шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындардың жұмыстарына қолдау беретін 2 келісімге де қол қойылды.

Саудалық жеке мүдделерді қорғауға қарсы шығу тақырыбында келіскен қатысушы елдер аймақтық сауда келісімдерінің тұнықтығы тақырыбында да келісті.

Мүше елдер биылдың соңына дейін «Сауданы жеңілдету келісімін» бекіту тақырыбында да уәде берді.

Түркияның атынан Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысқан жиналыста босқындардың экономика мен саудаға қосар үлесі үшін жұмыстану керектігі жайлы бір бап болса Түркияның сұранысымен қорытынды хаттамада орын алды.



Ұқсас жаңалықтар