Сауд Арабиясы 900 миллион долларлық несие келісімі жасады

Сауд Арабиясы электр станциясы құрылысы үшін 900 миллион долларлық несие келісімі жасады.

491567
Сауд Арабиясы 900 миллион долларлық несие келісімі жасады

Сауд Арабиясы электр станциясы құрылысы үшін 900 миллион долларлық несие келісімі жасады.

Сауд Арабиясы электр фирмасынан жасалған мәлімдемеде фирманың Оңтүстік Корея экспорт банкі, Токио-Мицубиси банкі, Дойче банк және Сантандер банкпен электр станциясы құрылыс жобасына 900 миллион доллар қаржы қолдауы қамтамасыз ету үшін келісім жасағаны атап көрсетілді.

Мұнай бағаларының 2014 жылдан бері шамамен 70 пайыз азайып, 120 доллардан 30 долларға дейін арзандауымен әлемнің ең ірі мұнай өндірушісі Сауд Арабиясының мұнай табыстары да маңызды мөлшерде азайды.

Кувейт Қаржы орталығының (Markaz) рапортына қарағанда негізгі табыс көзі мұнай болған 6 Шығанақ мемлекетінің (Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Омман, Біріккен Араб Әмірліктері) бюджеті өткен жылы жалпы 160 миллиард доллар дефицитке ұшырады.



Ұқсас жаңалықтар