Пемза тасының әлем резервтерінің 40 пайызы Түркияда

Пемза тасына сұраныс артты

483278
Пемза тасының әлем резервтерінің 40 пайызы Түркияда

Соңғы жылдардың ең үлкен сұранысына ие болған пемза тасының әлем резервтерінің 40 пайызы Түркияда.

Ауыл шаруашылығынан қорғаныс өнеркәсібіне дейін 120 салада қолданылған пемза тасы таралымы тұрғысынан ең көп орталық Анадолы аймағында шығарылады.

Пемза тасы жеңіл, эстетикалық және суды сору күші жоғары болғандықтан жер сілкінісіне қарсы да өте шыдамды.

Бұл ерекшелігімен құрылыс саласында да көп қолданылады.

Цемент өндірісінде де қолданылған пемза тасына көптеген ұсақ тесігі болғаны себепті изоляция саласында да сұраныс мол.

Пемза тасы кең қолданылған салалардың бірі де қорғаныс өнеркәсібі. Ұсақ тесікті құрылымы, жеңіл және әйнектей болу ерекшелігіне қоса, түскен энергияны соруы себепті қорғаныс және сауыт өнеркәсібінде қолдану күші артуда.

Пемза тасы резервтерінің біразы елде қолданылғанмен маңызды бөлігі экспортталады.

Шетелде барлығы 48 миллиард текше метрлік пемза тасы резерві болса, Түркиядағы резервтер 7,5 миллиард текшеметрді құрайды. Түркиядан пемза тасына сұраныс ең көп Голландия, Израиль және Ұлыбританиядан түседі.

Пемза тасы әлемде әсіресе топырақсыз егіншілік пен спорт алаңдарында ауқымды түрде қолданылуда.

Базальт ерекшелікке ие пемза құрамындағы минералдар және өсімдікке қосқан үлесі себепті егіншілік саласында тығыз қолданылады.

Жердің температурасына 2 градустық пайда әкелген пемза әсіресе жылыжайлардың таңдаулы кені.

Сондай-ақ дренаж мәселесі бар сазды және әк топырақтар үшін аса маңызды.



Ұқсас жаңалықтар