Электрмен жүретін көлік

«Пехливан электрак» Балқан сапары аясында Македонияда таныстырылды.

477620
Электрмен жүретін көлік

Фракия Университеті Инженерлік факультеті студенттерінің электрмен жүретін көлігі «Пехливан электрак» Балқан сапары аясында Македонияда таныстырылды.

Электрмен жүретін көлік Скопьедегі Тетово Университетінде таныстырылды.

Жобаны дайындаған топ Босния және Герцоговина, Черногория, Албания бағытында көліктің таныстырылымын ұйымдастырады.

«Пехливан электракты» өндірген топ Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеулер мекемесі TÜBİTAK Балама энергиямен жүретін көліктер жарысында «Үздік жоба» сыйлығын алған болатын.

Фракия Университеті Инженерлік факультетінде білім алатын 16 студенттің жұмысы нәтижесінде ортаға шыққан электрмен жүретін көліктің салмағы 190 кг. Жылдамдығы сағатына 110 километрге жетеді. Көлік литий батареясымен жүреді.



Ұқсас жаңалықтар