Үлкен 7 тобы елдерінің Сыртқы істер министрлері Жапонияда бас қосты

Хиросимадағы жиналыс 2 күнге жалғасады.

468152
Үлкен 7 тобы елдерінің Сыртқы істер министрлері Жапонияда бас қосты

Әлемнің дамыған 7 үлкен экономикасы құрған Үлкен 7 тобы елдері саммитінің Сыртқы істер министрлері Жапонияның Хиросима қаласында бас қосты.

2 күнге жалғасатын жиналыстың негізгі күн тәртібі қонақжайлық жасаған Хиросима қаласының да тарихи маңызына сәйкес ядролық қарусыздану болып табылады.

Жиналыста Украина мен Таяу шығыстағы саяси дағдарысқа қоса Солтүстік және оңтүстік Кореяда қауіпсіздік, теңіз қауіпсіздігі және террормен күрес тақырыптары да қолға алынады.

1945 жылы 6 тамыз күні АҚШ-тың Хиросимаға атом бомбасын тастауы нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, қала жермен-жексен болған еді.

Үлкен 7 тобы елдерінің мемлекет басшылары болса 25-26 мамыр күндері тағы Жапонияда бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар