"Sikorsky" тікұшақтарының ең маңызды бөлшектерін Түркия өндіреді

Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык АҚШ бағдарламасы аясында әуе көлігі фирмасы Скорскийді аралады.

468705
"Sikorsky" тікұшақтарының ең маңызды бөлшектерін Түркия өндіреді

«BlackHawk» тікұшақтары Sikorsky (Сикорский) тікұшақтары Сикорский лицензиясымен Түркияда өндіріледі.

Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык Қорғаныс кеңесшілігі мен Сикорский арасындағы «Жалпы мақсат тікұшақ жобасы» бағдарламасы аясында Сикорский тікұшақтарындағы отандық өнеркәсіп қабілеттерінің пайдаланылатынын атап көрсетті.

Министр Ышык Америка Құрама Штаттары бағдарламасы аясында әуе көлігі фирмасы Скорскийді аралады.

Осында фирманың зауытын аралаған Ышык атқарылған әртүрлі жұмыстарды қадағалады. Фирма мен өндірілген тікұшақтар жайлы ақпарат алды.

Скорскийдің Lockheed Martin тобына өткенін және фирманың Түркиямен байланысты өте маңызды ынтымақтастық жасағанын айтқан Ышык Түркия мен Сикорский арасында жетілген ынтымақтастыққа ризашылығын білдірді.

Министр Ышык Түркиядағы фирмалардың Сикорский және Lockheed Martin тобына одан көп өнім сату үшін олардың қамдаушы қорына қосылудың маңызды екенін жеткізді.

Ышык «Фабрикада қадағалаған жұмыстарымыз бізді қуантты. Скорскийдің ең маңызды бөлшектерді Анкара мен Эскишехирде өндіргенін көргенімізге және Түркиямен мықты ынтымақтастық жасалғанына ризамыз. Одан көп түрік фирмасының оларға тауар өндіріп, сатуын тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар