Президент Ердоған АҚШ-тық іскерлермен бас қосады

Президент 29 наурыз – 2 сәуір күндері арасында АҚШ сапары аясында іскер жиналысына қатысады.

459094
Президент Ердоған АҚШ-тық іскерлермен бас қосады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ сапарында 25 үлкен фирма басшыларымен өтетін жиналыста 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуға уәде алады.

Премьер-министрлік қолдау және таныту агенттігі (TYDTA), Сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесі (DEİK) және Түркия-АҚШ жұмыс кеңесінің (TAİK) 29 наурыз – 2 сәуір күндері арасында АҚШ сапары аясында Ердоған да қатысатын іскер жиналыстары ұйымдастырады.

Түркия соңғы 13 жылдан бері жалғастырған тұрақты саясаты арқылы халықаралық тікелей инвестициялардың өсуін қамтамасыз етті.

АҚШ-тық фирмалардың Ердоғанмен кездесу тақырыбында сұранысы бар.

АҚШ фирмалары әсіресе энергия, авиация, азық-түлік, компьютерлік технология, қаржы, денсаулық сақтау және механика сияқты әртүрлі салалар тақырыбында Түркияға бағытталған жобалар тақырыбында түрік фирмаларымен тығыз байланыста.

Аталмыш сапар аясында президент Ердоған Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысады. Бұл салаларда да оңаша кездесулер жоспарланады.



Ұқсас жаңалықтар