Энергия министрі Берат Албайрак Әзірбайжанда

Министр Албайрак Бакуде 2-ші Оңтүстік табиғи газ коридоры ақылдасу кеңесі жиналысына қатысады.

441327
Энергия министрі Берат Албайрак Әзірбайжанда

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Әзірбайжанда.

Министр Албайрак Бакуде ұйымдастырылған 2-ші Оңтүстік табиғи газ коридоры ақылдасу кеңесінің жиналысына қатысады.

10 елдің энергия министрлері қатысқан жиналыста жобаның соңғы жағдайы талқыланады.

Оңтүстік табиғи газ коридоры жобасымен Әзірбайжан Шаһтеңіз-2 табиғи газ өңдеу зауытынан өндірген газды Түркия арқылы Еуропаға жеткізуді нысанаға алады.

Албайрак байланыстары аясында Әзірбайжан президенті Илхам Алиев тарапынан қабылданды. Кездесуде Әзірбайжан мен Түркия арасында энергия саласында ынтымақтастық тақырыптары мен ТрансАнадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы ТАНАП күн тәртіпке келді.

Еуроодақ комиссиясы Энергия одағына жауапты төраға орынбасары Марош Шефкович, Грузия энергия министрі Кака Каладзе және АҚШ Сыртқы істер министрлігі Энергия резервтері арнайы өкілі Амос Хочштанмен оңаша кездесті.



Ұқсас жаңалықтар