Жұмыссыздар үшін жаңа бастама

Үкімет жұмыссыздықпен күресте жаңа қадам басты.

439281
Жұмыссыздар үшін жаңа бастама

Жұмыссыз жастар, әйелдер мен студенттер үшін жаңа бастама

Үкімет жұмыссыздықпен күресте жаңа қадам басты.

Түркия Еңбек мекемесі мамандықтары жоқ азаматтар үшін «Білім бағдарламасының» аясын 6 айдан 1 жылға созды.

Үкімет 15 жасын толтырған баршаға бір жыл бір компанияда білім алу мүмкіндігін береді және айлық төлейді.

Жұмыс беруші компанияның да «тегін қызметкері» болады.

Осы бағдарламаға қатысамын деушілер İŞKUR қызмет орталықтары немесе iskur.gov.tr адресінен өтініш беруге болады.

Қатысушыларға күніне 50 лирадан айда 1300 лира айлық төленеді. Университет студенттері бағдарлама бойынша стипендия және несиелерін де алады.

Жұмысқа қабылдаушы компания бағдарламаны бітіріп шыққан және 18-29 жас арасындағы жұмыссыздарды 3 ай ішінде жұмысқа орналастырса, осы қызметкердің әлеуметтік сақтандыру өтемақысын мемлекет төлейді.



Ұқсас жаңалықтар